Жамбылда сұйық газды қайта өңдейтін зауыт салынады

553

Жамбыл облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында сұйық газды өңдейтін зауыт іске қосылады. Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ТаразГазӨнімдері» ЖШС шетелдік «Визон Инжиниринг ЛТД» компаниясымен бірлесіп, Қарой ауылдық округінде сұйық газды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын бастайды. Жоба құны — 16 млрд теңге. Кәсіпорын 16 гектар аумақта орналасады. Соның арқасында 108 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде» делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жоба Жамбыл облысының индустрияландыру картасына енгізілген.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.