Жамбылда облыстық «Маусымашар–2025» фестивалі өтті

5

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жайдарлы жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық «Маусымашар–2025» фестиваль ойыны жоғары деңгейде өткізілді.

Шараға Жамбыл облысы аумағынан және еліміздің түрлі өңірлерінен келген 40-қа жуық жайдарман командасы қатысты. Жастардың шығармашылығы мен сахналық мәдениетін дамытуға бағытталған бұл фестиваль тартысты әрі әсерлі ойындармен ерекшеленді.

Аталған іс-шараға арнайы қонақ ретінде «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Баймұханбетұлы Елеукен қатысты. Ол жас жайдарманшылардың өнеріне жоғары баға беріп, олардың ел мәдениетіне қосып жатқан үлесін атап өтті.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған «Меркістан» командасы қаржылай сыйлықпен марапатталды.

«Маусымашар–2025» ойыны — облыстық КВН лигасының жаңа маусымдағы алғашқы ойыны болып саналады. Алдағы уақытта лига аясында түрлі ойындар мен жобалар ұйымдастырылып, жастардың шығармашылығын дамытуға серпін бермек.

Жайдарман – тапқырлық пен таланттың тоғысқан алаңы. Мұндай шаралар өңір жастарының белсенділігін арттырып, олардың өнер арқылы өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.