Жамбыл облысында жастар саясаты — басты назарда

59
Бүгін облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Жиынға облыс әкімдігіне қарасты салалық басқармалар, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, Жастар ресурстық орталықтарының директорлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында өңірдегі жастар саясатының қазіргі ахуалы мен өзекті бағыттары кеңінен талқыланды. Статистикалық деректерге сүйенсек, облыс халқының саны 1 млн 200 мыңнан асса, оның 357 мыңын бүгінде жастар құрайды. Бұл дегеніміз өңір халқының 29,2%-ы. Мұндай ауқымды жастар контингентімен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу өңір үшін стратегиялық маңызы бар басым бағыт.
Кеңес отырысы аясында Жастар ресурстық орталықтарының 2025 жылдың 12 айы ішінде атқарған жұмыстарының қорытындылары тыңдалып, жастармен жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері сараланды. Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталықтарының ғимараттарына қатысты мәселелер, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, кадрлық әлеуетті арттыру және жастарды қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру жолдары талқыланып, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, облыс жастарын қолдау тетіктерін арттыру, әр түрлі санаттағы жастарды қоғамдық шараларға тарту, сондай-ақ, өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша салалық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдарға жастар саясатын іске асыруда өзара үйлесімді жұмысты күшейту, жастардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар жүктелді.
Жастарды қолдау – өңір дамуының маңызды басымдығы.
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкіміің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.