Жамбыл облысында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті

51

Жамбыл облысында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті. Шараға Алматы және Түркістан облыстары мен жергілікті 10 ауданның спортшылары қатысты.

Олар қазақ күресі, көкпар, бәйге сияқты ұлттық ойындарға қатысып, үздіктерді анықтады. Жарысқа әсіресе шабандоздар ерекше дайындықпен барыпты.

Аламан бәйгеге 30-ға жуық ат қосылып, сәйгүліктер де сынға түсті. 26 шақырым қашықтыққа шапқан жүйріктердің ішінен «Қазақстан барысы» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтың қосқан аты бас жүлдені жеңіп алды.

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Мақсат – қазақы салт пен ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа дәріптеп, ескі дәстүрді қайта жаңғырту.

— Ұлттық рухымызды оятуда ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту басты рөлдерді атқарады. Келешек ұрпақтың мақтанышы үшін, ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін қажет. Мұның бәрі халыққа қажет. Біз ұлттық салт-дәстүрімізді дамыта отырып рухымызды, санамызды өзгертеміз. Соған қол жеткіземіз, – дейді Талас ауданының құрметті азаматы Мақұлбек Рысдәулет.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.