Жамбыл облысында «Қазақ ауылы» этножобасы қолға алынды

679

Алтыбақан тебіліп, ән айтылып, күй ойнаған, балуан күрестіріп, бүркіт салған, қазан асылып, самаурын қайнатылған қазақ ауылын көру турист тұрмақ өзімізге де қызықты. Қызыққа толы ауыл өмірін, дала дүбірін XXI ғасырға қайта әкелу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ ауылы» этно жобасықолға алынды. Үстіміздегі жылдың қазан айының 9-10 күндері Тараз қаласындағы «Төрткөл» керуен сарайында этно жобаның елге таныстырылымы өтеді.
-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этно-жобасын құрудың басты мақсаты — көне Тараз дәстүрін, көшпенділердің бірегей, жарқын және айқын мәдениетін, өткен тарихын жаңғырту. Ұлттық-мәдени кешен қонақтарды қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және салт-дәстүрімен таныстырады. Кешенде кез келген адам көшпенділер өркениетінің этно мәдени ортасын сезіне алады және ауылдың күнделікті, мерекелік өміріне көз жүгіртуге толығымен ие болады,- дейді облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.
Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар өтеді. Атап айтқада «Дәстүрлі аң аулау түрлері», «Ұлттық ойындар мен ойын-сауық», «Ұлттық тағам», «Қазақ музыкалық-театр өнері», «Қолөнершілер» секторларын тамашалаған адам қазақ халқының әдет-ғұрыпы, салт-санасы жайлы мол ақпарат алатыны сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.