Жамбыл облысында фермер мен оның екі баласын өлтірген жұмысшысы болып шықты

645

Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің жедел қызметкерлері фермерлік қожалықтың басшысы мен оның екі баласын өлтірген ер адамды бірнеше сағатта құрықтады.

Қанды оқиға Шу ауданы Далақайнар ауылына жақын жердегі фермада болған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бастапқыда екі мәйітті ғана табады. Ер адамды аулада өлтіріп кеткен, қызының денесі үй ішінен табылды.

«Оқиға орнын тінтіп, басқа да тергеу шараларын атқару барысында үйден 150 метр жерде бұта арасынан тағы бір мәйіт табылды. Ол фермердің ұлының денесі екен», — деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД.

Шаруа қожалығында жалдамалы жұмысшылардың бірінің жоқтығын анықтаған полицейлер қылмыс жасаған сол деп пайымдап, бірден іздеу жариялайды.

Бұл оның үш кісіні өлтіргенін мойындауға жеткілікті болды. Қазір қылмыскер тергеу абақтысында отыр.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.