Жамбыл облысы жылу маусымына толық дайын емес

556

Қазір өңірде бюджеттік мекемелерге қажетті 72 мың тонна көмірдің тек 56 мың тоннасы ғана алынған.

Ал тұрғындардың қыстан шығуына қажет деп жоспарланған 333 мың тоннаға жуық қатты отынның бүгінгі күнге дейін жартысы да дайындалмаған. Дегенмен, жауапты басқарма өкілдері «Аймақ жылу маусымына 95 пайыз дайын» деп отыр. Айтуларынша, жылыту мекемелерінде 2 жарым мың тоннадан аса резервтік мазут дайын тұрған көрінеді. Сонымен қатар биыл жылу тарифы өзгермейді дейді мамандар. Бүгінде Тараз қаласында 1,7 миллиард теңгеге 3 мың шақырым магистралдық жылу желілері ауыстырылып жатыр. Бұл жұмыстарды 1 қазанға дейін 100 пайыз аяқтау жоспарда тұр.

Жылыту маусымына барлық нысандар толығымен дайын болады. Біздің халық бүгінгі күнге қатты отын, көмірді сатып алуға әлі қызығушылық танытпауда. Жалпы бізде айтарлықтай кедергілер жоқ. Барлық іс-шаралар бекітілген іс-шараларға сәйкес бүгінгі күнге кестеге сәйкес жүргізілуде, – дейді облыстық энергетика және ТҮКШ басқарма басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.