«Жамбыл – адалдық алаңы» кеңсесінде Байзақ ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

740

Өзекті мәселелерді шешу және жеке өтініштерді қарау, азаматтарға көмек беру – қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты. Жыл басынан бері басқарма басшылары мен түрлі сала мамандары «Жамбыл – адалдық алаңында» есеп беріп, тұрғындар сауалына жауап берген болатын.
Кезекті қоғамдық қабылдау қонағы Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов болды. Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан Нұржан Молдиярұлы алдымен өзекті проблемаларға тоқталды.
Оның ішінде жер, тұрғын-үй кезегі, ауыз су, газдандыру мәселесі. Әкім өз жұмысында 18 ауылдық округті аралап, күнделікті халықпен кездесу өткізіп жүргенін, шалғай жатқан елді-мекен тұрғындарының әр қайсысын тыңдап, ауданның бас жоспарына сәйкес елді-мекен шегін кеңейту мақсатында 217,33 га жер телімі енгізілгенін айтты. Өңір басшысы ол жердің құнының тым қымбат екендігіне көңіл бөліп, оңтайландыру керектігін айтты. Сондай-ақ, ол жердің суармалы алқап екенін ескеру қажеттігін жеткізіп, Байзақ ауданының халық тығыздығына назар аудару, негізі кәсіп, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін төмендетуге болмайтындығын түсіндірді.
Сонымен бірге, аудан әкімі әлеуметтік желіге түскен сауалдарға жауап берді. Мәселен, Аққия, Үлгілі ауылдарындағы ауыз су; ауылдардағы әлеуметтік мекемелердегі газ; жағдайы жоқ отбасыларға берілетін үй мәселелері. Аудан әкімі 2019 жылы Сарыкемер ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3,4 млрд теңге бөлінгенін, 2020 жылы 5 ауылды, 2021 жылы Аққия, Үлгілі ауылдарыны ауыз сумен қамтамасыз етілетінін айтты.
Сондай-ақ, биылғы жылы 11 елді-мекен, 2020 жылы қалған ауылдар газбен қамтамасыз етілетінін, ал, қай ауыл газбен қамтамасыз етілсе, сол жақтың әлеуметтік мекемелеріне де газ тарту жұмыстары қолға алынатынын айтты.
Сонымен қатар, 101 көпбалалы ана кезекте тұрғанын, алдағы уақытта көпқабатты үйлер салып, әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы аналарға үй беруді жоспарлап отырғанын, биыл 3 меценат 3 отбасына үй әперсе, мемлекеттен 2 үйге ақша бөлініп, желтоқсан айында беру жоспарланып отырғанына айтып өтті.
«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында 39 мектеп директорлары 1-ші қабатқа көшсе, 18 ауылдық округтің әкімдерінің 9-ы 1-ші қабатқа ауысқан. Түймекент ауылдық әкімдігі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері «Опен спейс» форматында жұмыс жасаса, полиция бөлімшесінен фронт офис ашылған. Оқушыларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында 38 мектепте адалдық дүкені ашылғанын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.