2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.![]()

Бүгін Жамбыл ауданы, Полатқосшы ауылдық округінде әкім сайлауы өтуде.
Сайлау учаскесі бүгін таңғы сағат 7:00-ден басталып,
кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасын табатын болады.
Тұрғындар өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне келуде.
Ауылдық округтегі №152, №153, №472 сайлау учаскелерінде барлығы 5 940 сайлаушы бар.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі