Ж. Айтақов жамбылдықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

468

 

Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов өзінің Facebook-тегі парақшасы арқылы Жамбыл облысының тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

«Құрметті жерлестер!

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Аспан түсті Туы, асқақ әнұраны, айбынды Елтаңбасы бар Егеменді Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Мәңгі ел болу мақсатында ұмтылған жолымыз ұлы болсын! Тәуелсіздігіміз таусылмасын! Әрбір шаңыраққа шаттық, ырыс,ынтымақ тілеймін!

Мереке құтты болсын!» – деді аудан басшысы өз жазбасында.

Айта кету керек, бүгін Шу ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Ту тігілген автокөліктер шеруі, әскери даярлық пәні мұғалімдерінің саптық жүруі, сондай-ақ мерекеге арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі Жарылқасын Айтақов сөз алып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Бірқатар қызметкерлерге атқарған жемісті жұмыстары үшін Алғыс хатын табыстады.
Жиын соңы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен сазды бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.