https://turkystan.kz/article/258654-zansyz-balyq-aulagan-azamat-aiyppul-arqalady
Жуалы аудандық соты заңсыз балық аулаған азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлады turkystan.kz.
2025 жылдың ақпанында балық шаруашылығы инспекциясы «Теріс-Ашыбұлақ» су айдынында рейд жүргізіп, мұз үстінде балық аулап отырған азаматты байқаған. Оның балық аулауға рұқсат қағазы болмаған.
Инспекторлар құжатын сұрағанда өзін таныстырудан бас тартып, бағынбай, балағат сөздер айтқан.
Инспекция қызметкерлері полицияны шақыруға мәжбүр болған.
Cот отырысында құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасалған іс әрекетіне өкінетінін жеткізген.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып оған 78 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.