Элизабет Тұрсынбаева Финляндияда халықаралық турнирдің күміс жүлдесін иеленді

463

Финляндияның Эспоо қаласында өткен Finlandia Trophy халықаралық турнирінде мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды.

Қысқа бағдарламада 70,95 ұпай жинаған Тұрсынбаева еркін бағдарламаны бірінші орынмен аяқтады. Ол еркін бағдарлама қорытындысы бойынша әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Елизавета Туктамышевадан да озып кетті.

Сондай-ақ, Тұрсынбаева өз мансабында тұңғыш рет 70-тен асырып ұпай жинап отыр.  Жалпы есепте 200,74 ұпай жинаған Элизабет биылғы маусымдағы екінші күмісіне қол жеткізді.

Finlandia Trophy, Эспоо. 

Қорытындысы есеп: 

1. Елизавета Туктамышева (Ресей) — 202.85

2. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) — 200.74

3. Вивека Линдфорс (Финляндия) — 187.19

Еркін бағдарлама: 

1. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) — 129.79

2. Вивека Линдфорс (Финляндия) — 129.50

3. Елизавета Туктамышева (Ресей) — 129.02

Айта кетейік, биылдан бастап Э.Тұрсынбаеваны ресейлік бапкер, Олимпиада чемпионы Алина Загитованың бапкері Этери Тутберидзе жаттықтыруда.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.