«Jibek joly» арнайы экономикалық аймағының басшылығымен кездесіп, мұндағы инвестициялық жобаларды дамыту бойынша кеңес өткіздік. Сонымен бірге, құрылысы жүріп жатқан өндіріс ошақтарын жан-жақты қолдау мәселелері де талқыланды. Өз кезегінде экономикалық аймақтың басшылығы жүзеге асып жатқан жобаларға қатысты кейбір мәселелерге тоқталып, оларға экономикалық аймақ пен жергілікті атқарушы билік тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктерге тоқталды.![]()

Қазіргі кезде бұл аймақ дайын инфрақұрылымы бар өнеркәсіптік алаң болып табылады. Онда қатысушыларға салықтық және кедендік жеңілдіктер де қарастырылған. Осындай артықшылықтарға қызығушылық танытып, экономикалық аймаққа тіркелген жобалардың аяқ алысын да жан-жақты талдадық. Нақтырақ айтқанда, бірқатар серіктестіктердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту, табиғи газға қосу, қосымша жер бөліп беру, өндірістік жобаларды мерзімінде іске қосу сынды мәселелер кеңінен талқыланды.

Жалпы, «Jibek joly» АЭА ауданымызбен қатар, облыс экономикасы үшін өте маңызды инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, экономикалық өсуді ынталандыруға мүмкіндік беру мақсатында құрылғаны белгілі. Ендігі кезекте осында тіркелген жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында экономикалық аймақтың басшылығымен алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейтін боламыз.