Ұйғыр этномәдени бірлестігінің кеңес отырысы өтті

54
Бүгін Достық үйінде Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің кеңес отырысы өтті.
Басқосуда ұйымның атқарған жұмыстарының аралық қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар талқыланды.
Жиынды бірлестік төрағасы Мухабат Абдырахманқызы Турдыева жүргізді. Ол өз сөзінде ұлттық бірлікті нығайту, салт-дәстүрді сақтау және жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды.
Кеңес отырысында дәстүрлі машраптарды ұйымдастыру, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің қызметі, сондай-ақ, жастарды қоғамдық және мәдени өмірге тарту мәселелері кеңінен қаралды.
Ақсақалдар кеңесінің жұмысы туралы кеңес төрағасы Турсынмагомед Касимов пен оның орынбасары Турсын Тудахунов баяндама жасап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Ал Аналар кеңесінің төрайымы Хайриниса Ахметова отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау бағытындағы бастамалар жөнінде ақпарат берді.
Жастармен жұмыс жөніндегі атқарушы директор Хамида Турдыева жастар саясатының басым бағыттарына тоқталып, ұйғыр этносының жас өкілдерін қоғамдық, мәдени және шығармашылық жұмыстарға белсенді тарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.
Жиын барысында қатысушылар бірлестіктің алдағы жұмысына қатысты ұсыныстарын ортаға салып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Кеңес отырысының қорытындысында ұлттық мәдени мұраны сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді
Leave A Reply

Your email address will not be published.