Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдерімен онлайн кездесу

215

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтарды Жамбыл облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері жеке сұрақтарымен қабылдады.
Онлайн тәртібінде өткен кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Ғабит Айтенов сотталғандардың сұрақтарын тыңдап, тиісті жауабын берді. Ол өз сөзінде еліміздегі орын алған індетке байланысты қойылған шектеулер туралы түсіндіріп, ҚАЖ мекемелері аумағына кіру тоқтатылғанын, карантин уақыты аяқталғаннан кейін келетіндерін айтты.

Төрехан Түсіпбеков,
ЖД-158/1 мекемесінің теологы, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.