Ұлттар лигасы: Қазақстан – Андорра – 4:0

623

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының төртінші туры аясында өз алаңында өткен Андорраны тізе бүктірді.

Астанадағы матч 4:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Алғашқы голды Еркебұлан Сейдахмет (21-минутта) соқса, Бауыржан Тұрысбек (61-минут) пен Роман Муртазаевтар (74-минут) да мергендіктерімен көзге түсті. Ал тағы бір голды қарсыластар өз қақпаларына соғып алды. 61-минутта Хосеп Гомес Андорра қақпасын дәл көздеді. Одан қалды 64-минутта қонақтар сапынан Жорди Алаэс алаңнан қуылған болатын.

Осылайша Қазақстан 2015 жылдың 13 қазанынан бері алғаш рет ресми ойында жеңіске жетіп отыр. Ол кезде футболшыларымыз Латвияны 1:0 есебімен ұтқан.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.