Ұлт татулығы – басты байлық

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы жалғасып жатыр

241

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы республика көлемінде алғаш рет Жамбыл облысында өткізілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасы биылғы жылы да жалғасын табуда.

Бұл жоба биылғы жылы да Меркі, Шу, Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу және Қордай аудандарында өткізіліп, жемісті аяқталды.           Жобаға 18 мыңға жуық адам тартылды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жоба жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өткізіп, жауаптыларды тыңдады. Облыс басшысының алдында жобаның жүзеге асыру барысын баяндаған ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов жұмысшы топтардың этнос өкілдері тығыз орналасқан 145 елді мекен тұрғындарымен кездесіп, этносаралық және конфессияаралық келісім тобы, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және ауылда бизнесті дамыту тобы, құқық қорғау тобы бойынша 812 іс-шара ұйымдастырғанына тоқталды. Нәтижесінде 1070 азаматтың мәселесін шешуге көмек беріліп, 445 азаматқа медициналық жәрдем көрсетіліп,  55 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, ал 170-ке жуық тұрғынның қайтарымсыз грант алу мәселесі шешілді. 347 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 90 адам әлеуметтік жұмысқа, 129 адам қоғамдық жұмысқа, 245 жас жастар тәжірибесіне жолдама алды.

Жұмысшы топ мүшелері 145 елдімекен тұрғындарымен кездесу барысында 1070 азаматтың мәселесін шешуге көмек берсе, 445 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, сала өкілдері тарапынан тұрғындарды толғандыратын 790-ға жуық мәселеге тиісті жауаптар берді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру, медициналық қызметтер сапасын жақсарту, діни білім деңгейін арттыру бағытында жол картасы жасақталды. 2020 жылдың                    І және ІІ кезеңінде өткізілген жоба барысында 175 мәселе жол картасына еніп, оның 139 мәселесі толығымен орындалды. Қалған    36 мәселе биылғы жылдың соңына дейін орындалу үстінде.

Карантин талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылған жоба кезінде 221 мәселе жол картасына енгізілді. Жиын соңында өңір басшысы Б.Сапарбаев тиісті сала басшылары мен қала және аудан әкімдеріне тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.