Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

165

14 шілде күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде медициналық сауықтыру пунктінің қызметкерлерімен COVID-19 пандемиясының алдын-алу шаралары және таралып кетпеу мақсатында мекеме сотталғандар арасында түсіндірме жұмыстары қайта жүргізілді.
Аталған іс-шара барысында COVID-19 індетінің Қазақстан аумағында көптеп таралуына байланысты сотталғандар арасында COVID-19 күдікті науқастар анықталған кезде жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар алгоритмі, аурудың алғашқы симптомдарын, індеттің асқыну түрлерін қайта атап өтіп, , үнемі медициналық бетперде киіп жүрулері, өзара арақашықтықты сақтаулары, санитариялық-гигиеналық тазалық сақтауы жәнеде сотталғандар арасында денсаулығын қорғау бағытында профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта аталған бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.

Дилора Борат,
ЖД 158/5 мекемесі медициналық бөлімнің фельдшері әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.