Түркияда сәуір айында қар түсті

16
Сурет: oxu.az
https://turkystan.kz/article/258657-turkiiada-sauir-aiynda-qar-tusti

Түркия астанасы Анкара, сондай-ақ Болу мен Бурса қалалары күтпеген мезгілде қарға оранды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Oxu.Az жариялады.

Мәліметке сәйкес, Анкарада саябақтар, бақтар мен жасыл аймақтарды қысқа уақыт ішінде қар басып қалған. Кей аудандарда қардың қалыңдығы 5 см-ге дейін жетіп, көлік қатынасы қиындады.

Сондай-ақ мектептер уақытша жабылды. Анкара қаласының губернаторы Васип Шахин кейбір аумақтарда қардың қалыңдығы 15 см-ге дейін жететінін, қатты жел мен дауыл күтілетінін айтып, балалардың қауіпсіздігі үшін оқуды бір күнге тоқтатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Болу мен Бурсада да қар қалың жауған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.