Тыйым салынған заттарды өткізбек болған

373

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің аумағына тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат құрықталды. Ақпан айының 28-і күні орын алған жағдай күндізгі сағат 14:30 шамасында болған.

Нәтижесінде, 35-40 жас шамасындағы А. есімді азамат қолға түсті. Ол мекеме аумағына пластикалық бөтелкелерді лақтыру арқылы жеткізбек болған. Азаматтың күдікті әрекетін байқаған мекеме қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, оны құрықтаған.

Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, пастикалық құтылардың ішінен 6 дана ұялы телефон шыққан. Оның 3-еуі смартфон, 3-еуі қарапайым телефондар екені белгілі болды. Сондай-ақ, ұсталған азамат мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірінің досы екені анықталған. Бұдан бөлек, оның дәл осындай әрекет жасамақ болған кезінде бірнеше рет ұсталғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша азаматқа айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

 

Самат Байтуғанов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесі режим бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет капитаны,

Сарбай Сайранбай,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесі режим бөлімінің қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.