Тұрғындар тілегі назарда

35
 Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов №5 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында округ инспекторы Сағындық Үсіпбеков атқарылған жұмыстарды баяндады.
 Ағымдағы жылы округтегі Қ.Тұрысов, Шостакович көшелері орташа жөндеуден өтіп орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ №35 және №47 мектептердің маңына жаяу жүргіншілер жолы салынды.
 Келер жылы “Самал” (7), “Мыңбұлақ” (9), “Қарасу”, “Салтанат” шағын аудандары мен “Қарасу” алқабындағы бірқатар үйдің ауласына балалар ойын алаңшалары мен шағын футбол алаңшаларын орнату жоспарлануда.
 Келесі кезекте аудан басшысы тұрғындардың өтініш-тілектеріне жауап беріп, барлық мәселе заң аясында өз шешімін табатынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.