Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

88
Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бұл лауазымға Тұрсынбек Бақкелді Ғабдоллаұлы бекітілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бақкелді Ғабдоллаұлы 1996 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

2018 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылы Қайнар академиясында құқық магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2014 жылы Тараз қалалық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының басшысы қызметінен бастаған. Кейінгі жылдары Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның инспекторы, Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы «Жамбыл облысының бірыңғай 109 қызметі» КММ басшысының орынбасары, басшы болып еңбек еткен.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасында идеологиялық жұмыстар мен жастар саясатын ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Ал, 2025 жылдың 18 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.

Үйленген, 2 баланың әкесі.

https://jambylinfo.kz/zhambyl-zhanalyqtar/t-rar-rys-lov-audany-kimini-zha-a-orynbasary-ta-ayyndaldy-2?fbclid=IwY2xjawOANNJleHRuA2FlbQIxMQBzcnRjBmFwcF9pZBAyMjIwMzkxNzg4MjAwODkyAAEed1y9uinYVE8WdCH-o7T53CZBHhyzMgRcHCroCLNVTATYRcGhhJkNMFZ9w7U_aem_xeI3D1IZ0OKULf9F1CHfTQ

Leave A Reply

Your email address will not be published.