Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барып Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше президенттің Бұхара қаласына сапары 11 сәуірге белгіленген.
“Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр”, – делінген хабарламада.
Оқыңыз