Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

370

Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты Twitter-де пікір білдірді.

«Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», — деп жазды Президент.

Еске салайық, осыған дейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданы Масанчи ауылындағы оқиғаға қатысты пікір білдірген.

«Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Полиция қақтығысты тоқтатты, жағдай бақылауға алынды», — делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысы ПД өкілдері азаматтарды ресми мәліметке ғана сенуге шақырып, қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұрады. Айта кетейік, жалған ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарату — қылмыс, оның жазасы үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.