cурет: time.com
https://turkystan.kz/article/272762-time-zurnaly-zi-kosbassylaryn-zyl-adamy-dep-tanydy
Time журналы «Жыл адамы» атағын жасанды интеллект саласының көшбасшыларына берді. Журналдың мұқабасында бірден бірнеше «ЖИ сәулетшілері» бейнеленген: Марк Цукерберг, Лиза Су (AMD), Илон Маск, Дженсен Хуанг (NVIDIA), Сэм Альтман (OpenAI), Демис Хассабис (DeepMind/Google), Дарио Амодей (Anthropic) және Фэй-Фэй Ли (ImageNet), деп хабарлайды turkystan.kz.
Time редакциясы осы тұлғаларды заманауи технологиялық дәуірдің қалыптастырушылары ретінде атап өтті. Олар нейрондық желілерді, генеративті ЖИ және компьютерлік көру салаларын дамытудың басты трендтерін белгілеп отыр. Мұқабадағы бейнеде олар құрылыс сәулесіне отырған күйде бейнеленген, бұл – «болашақтың кірпішін қалау» мен индустриядағы қауіп-қатердің символы.
Журнал олардың шешімдері миллиондаған адамдарға әсер ететінін атап көрсетеді: жұмыс процесінен бастап білім, шығармашылық және коммуникацияға дейін. Сонымен қатар, Time этика мен ЖИ қауіпсіздігі мәселелерінің күннен күнге маңызды бола түскенін ескертеді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272762-time-zurnaly-zi-kosbassylaryn-zyl-adamy-dep-tanydy