Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.![]()




Сондай-ақ 15 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін тазалық талабын сақтамаған 201 нысан иесі анықталса, 164 азаматқа ескерту берілді. Сонымен қатар, 37 тұрғынға айыппұл салынды.
Ал 15 қазаннан 7 қарашаға дейінгі аралықта санитарлық-тазалық нормасына нұқсан келтірген 231 тұрғын анықталды. Оның ішінде 199 адамға ескерту берілсе, 28 нысан иесіне айыппұл салынды.
Сондай-ақ 7 қарашадан 29 қарашаға дейін жалпы 197 тазалық сақтамаған тұрғын анықталды. Оның ішінде 159 адамға ескерту берілсе, 38 нысан иесіне айыппұл салынды.![]()


