Сенаттағы брифингте журналистер сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғыстың отандық бизнесмендерге әсерін сұрады. Ол көптеген бизнес жобалары қазір тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер күту режимінде. Дегенмен вице-министр нақты жобаларды атай алмады.
«Бізде астық жеткізілімдері болды. Азық-түлік өнімдерін өзара алмасу жобалары болды. Олар қазір тоқтап тұруы мүмкін», – деді Исетов.
Вице-министр инвестиция көлемі аз болғандықтан, соғыс салдарынан айтарлықтай шығындар болмағанын айтты.
«Иранмен жақсы серіктестік орнатқанымызды ескерсек, әрине, әсері бар, бірақ ол онша үлкен емес», – деп қорытындылады Исетов.
Оқыңыз