Тараздық тұрғын тәртіп сақшыларына алғыс білдірді

393

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қоғам тыныштығын күзетуге айрықша үлес қосып көпшіліктің ризашылығына бөленуде. Тергеудегі жақындарымен кездесуге келіп келеңсіз жағдайларға тап болған тараздық тұрғындар жедел көмек көрсеткендігі үшін ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлеріне алғыстарын әлі де білдіруде.
Сондай жағдайлардың бірін айтар болсақ, бүгін тергеуде отырған күйеуімен кездесуге келген Кәмшат Темірәлиева есімді азаматша, өзінің салғырттығынан сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде 50 (елу) мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлатып алғандығы туралы хабарлап,
аталған мекеменің қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.
Мәлімет алған бойда іске кіріскен ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Т.Тоғызбаев жедел-іздестіру шаралар кешенін ұйымдастырып, соның нәтижесінде ұрланған зат өз иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде тәртіп сақшыларының жұмысына риза болған 7 баланың анасы «Алтын алқа» иегері Кәмшат Амангелді қызы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Миржан Смагуловқа, ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Т.Тоғызбаевқа сондай-ақ осы саладағы барлық қызметкерлерге алғыс хат жолдады.

ЖД-158/1 мекемесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.