Қазіргі таңда Тараз қаласында жол құрылысы мен қоғамдық көліктерді жаңартуға айрықша ден қойылып келеді. Әсіресе, шалғай алқаптардың жағдайы – басты назарда.Әрине, тақтайдай тегіс жол мен соңғы үлгідегі автобустар тұрғындардың жайлы тұрмысына оң септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде нақты орны белгіленген, ыңғайлы аялдамаларға деген қажеттілікті көбейтуде. Қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында да бұған баса мән берілген.

