Таразда туризмнің дамуы

66

2025 жылдың ІI тоқсаны қорытындысымен Тараз қаласына келген туристер саны 56 411 адамды құрап, көрсеткіш 12,2 пайызға өсіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков мәлімдеді.

– 2025 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 18,2  млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22,9 пайызға өскен.

Сондай-ақ туризм саласында құны 9,4  млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жоспарланып, оның 2-і іске асырылды, 1-і ағымдағы жыл соңына дейін, тағы 1-і 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.

Бұл салаға жергілікті бизнес өкілдері үлкен үлес қосып отырғанын атап өту керек, жаңа қонақ үйлер желісі кеңейіп, мейрамханалар, тамақтану орындары ашылуда және демалыс аймақтарының да құрылысы жүргізілуде, – деді Б.Орынбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.