Таразда «Теміржол-Антитеррор – 2019» оқу-жаттығуы өтті

402

2019 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында  республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды.

Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді.

Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды.

Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.