Таразда «Tamyz Talks» шеберлік дәрісі өтті

670

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі тамыз конференциясы аясында «TAMYZ TALKS» халықаралық ынталандыру онлайн шеберлік дәрісі өтті. TED (ағылш. Technology Entertainment Design; Технология, Ойын-сауық, Дизайн) форматында өткен дәріс «Тараз түлегі» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

TED (ағылш. Technology Entertainment Design; Технология, Ойын-сауық, Дизайн) форматында өткен дәріс «Тараз түлегі» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Білім саласы қызметкерлеріне арналған шеберлік дәрісте филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» бағдарламасымен оқыған тұңғыш журналист, Тараз қаласының Б. Момышұлы атындағы № 45 мектеп-гимназиясының түлегі Қанат Әуесбай модератор болды.

Интерактивті дәріс барысында әлемдегі беделді білім ордаларында педагогика саласында оқыған, орта білім беру бағытында табысты тер төгіп жүрген тараздықтармен тікелей бейне-қосылым орнатылып, спикерлер педагогика саласында табысты болудың жеке мысалы, тұлға қалыптасуындағы сапалы білімнің маңызы, білім беру саласындағы жаңа көзқарас пен заманауи тың технологиялар турасында сөз өрбіді. Сонымен қатар, онда әлемдегі беделді білім ордаларында оқып, орта білім беру бағытында табысты еңбек етіп жүрген тараздықтар жиналғандармен онлайн режимде тілдесіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн дәрісте спикерлер педагогика саласында табысты болудың жолдарын,  тұлға қалыптасуындағы сапалы білімнің маңызы мен білім беру саласындағы жаңа көзқарас пен заманауи тың технологиялар турасында сөз қозғады. Конференцияға Кэмбридж университеті мен ТарМПУ түлегі  Нұрмұхаммед Досыбаев арнайы келсе, Британ аралдарынан жерлесіміз Гүлмира Қанаева тікелей байланысқа шықты.

Педагог мамандардың басын қосқан бұл жиын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Тараз түлегі» жобасы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – әріптестер  арасында кәсіби байланыс орнату арқылы білім жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыру. Сонымен бірге өзара еркін пікір алмасып, біліктілігімен бөлісу.

Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек. Ұстаздың алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ, дейді білім саласының белсенділері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.