Таразда «Рухани жаңғыру. Кітапхананың жаңа келбеті» атты семинар өтті

705

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастыруымен «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. КІТАПХАНАНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ» атты семинар өтті.

Жиын «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында білім және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, тығыз қарым-қатынас, шығармашылық және өзара түсіністікті орнату ізденісіне әлеуетті жұмылдыруға, тұрғындар арасын нығайту, оларды әлеуметтік белсенділікке шақыруға бағытталатын, заманауи дизайнмен жабдықталып, белсенді жұмыс жасауға барлық мүмкіндік жасалған Бродкастинг, Коворкинг, цифрландырылған ақпараттық орталықтардың жұмысын түсіндіруге бағытталды.

Семинарды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев ашып, «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын іске асыру аясында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, қалалық, аудандық мәдениет бөлімдері екіжақты өзара меморандумға отырғандығын, бастамашыл жоба аясында көптеген тындырымды тірліктер атқарылып жатқандығына, қазіргі таңда облысымыздағы мемлекеттік кітапханаларда 30-дан астам Бродкастинг, Коворкинг, цифрландырылған ақпараттық орталықтардың ашылғандығына тоқталды. Семинарға басқарма басшысының орынбасары З.Сембина, бас маман Ж.Құттыбаева, сала басшылары мен қалалық, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі Н.Мұхамедиярова «Coworking» – оқырмандар үшін оңтайлы жүйе», Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры Б.Қанаева «Коворкинг орталығы – кітапхананың жаңа келбеті», Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы А.Бүркітбай «Кітапханадағы заманауи қызмет жүйесі» атты баяндамалар оқып, тәжірибе алмасу мақсатында бұған дейін орталықтардың жүзеге асырған толымды істеріне де жан-жақты талдау жасалынды. Семинар барысында олардың көмегімен облыс кітапханаларында аткарылып жаткан маңызды жұмыстарды жүйелеп түсіндіруге және осы бағыттағы жүктелген міндеттердің тиімділігін нақтылап айшықтауға баса назар аударылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.