Меркі ауданының кәсіпорындары 10 093,1 миллион теңгенің өнімін өндірген

754

Облыс әкімдігі Ішкі саясат  басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте Мейірхан Азатұлы ауданның есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында жан-жақты баян етті.

Оның сөзіне сүйенсек, жыл басынан ауданның   кәсіпорындары 10 миллиард 093,1 миллион теңгенің өнімін өндіріп, жоспарды 104,1 пайызға артық орындаған екен. Құрылыс жұмыстарының көлемі болса,   2 миллиард 088,3 миллион теңгені құрап,  жоспар 101,2  пайызға орындалған. Инвестиция тарту жұмыстарында да меркіліктердің ақсаған тұсы жоқ. Есепті кезеңде жалпы 5 миллиард 111,6 миллион теңге  инвестиция  құйылып, ел игілігіне жұмсалған.  Сондай-ақ, егін шаруашылығында да мол өнім түскен.

Биыл егін орағына 42076,5 гектар жер түсіп, 101223 астық қамбаға құйылды. Орташа өнімділік гектарына 24,5 центнерді құрады. Жыл басында 2006 гектар алқапқа қант қызылшасы егілсе, қазір тәтті түбір жинау науқаны жүргізілуде.

Үстіміздегі жылы аудан бойынша 2210 гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілсе, бұл бағытта да жоспар артығымен орындалып отыр. Сондай-ақ, қазір мал қыстатуға қажетті азықты да молынан жинап алып отырмыз, — деді аудан әкімі М.Өмірбеков.

Жалпы биыл Меркі ауданында барлық салада қарқын мен өсім байқалуда. Бұл мүмкіндігі мол Меркі ауданының әлеуетін арттыра түскені  анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.