Бүгін Тараз қаласында «Мамыр-Антитеррор-2021» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді.
Іс-шара барысында ескерту жүйелерін жетілдіру, штабтың террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюға дайындығы, терроризм актісінің салдарын азайту және жою мәселелері пысықталды.
Оқу-жаттығу жұмыстары аясында арнайы жедел топ кепілге алынған адамдарды босату және лаңкестерді бейтараптандыру операциясын өткізді. Жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды.
Іс-шараға атсалысқан мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлерді ауыздықтау бойынша өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін көрсетті.