Тараз тұрғыны трамадолды іш киіміне жасырып, колонияға кірмек болған

231

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде трамадолды іш киіміне жасырып, колонияға кірмек болған әйел ұсталды. Оның бұл сәлемдемесі мекемеде жазасын өтеуші 23 жастағы азаматқа арналған. Қысқамерзімді кездесуге келген ол 549 дана трамадол , «SAMJ510» маркалы ұялы телефонының батареясын, USB құрылғысымен адаптер және Теле 2 операторына тиесілі 2 сим-картаны алып кіруге тырысқан. Мекеме қызметкерлері азаматшаның құқық бұзушылығын дер кезінде байқап, сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды тәркіледі.

– Біздің тарапымыздан жазасын өтеушілермен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізіп, заңды бұзғандардың жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілуде. Бірақ, осыған қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды беруді саналы түрде жалғастыруда, – деп атап өтті өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков.

Жазбаша түсініктемесінде азаматша өзінің кінәсін толық мойындады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.