Тараз қолөнершілері — Түркістан төрінде

51
Бүгін Түркістанда «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық фестивалі өтуде.
Шараның алғашқы күні “Қолөнершілер орталығы” ашылып, пайдалануға берілді.
Халықаралық фестивальге құрметті қонақ ретінде тараздық қолөнершілер де шақырылған болатын. Арнайы делегацияны Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің өзі бастап барды.
Фестиваль аясында әулиеаталық 30-дан астам қолөнершінің жүннен жасалған бұйымдары көпшілік назарына ұсынылып жатыр.
Фестиваль үш күнге жалғасады.
Еске сала кетсек, 2022 жылы Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне 56-шы болып енген болатын. Биыл олардың қатары Түркістан қаласымен толықты. Түркістандық қолөнершілер бұл тізімге қыштан жасалған бұйымдарымен еніп отыр. Жалпы, Қазақстан бойынша Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне тек Тараз, Алматы, Түркістан қалалары ғана кіргізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.