ТАЛАС ӨЗЕНІНІҢ СУЫН МЕЖЕЛІ ЖЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ҚАЖЕТ

51
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов жұмыс сапары аясында Талас өзенінің бойын аралап, өзен суын аудан аумағына жеткізу және ауданның жайылымдық жерлері мен шабындықтарды сумен қамтамасыз ету мәселелерін зерделеді.
🔰Аралау барысында аудан басшысы Талас өзенінен бастау алатын каналдардың жай- күйімен танысып, олардың тазалығы мен су өткізу қабілетіне ерекше назар аударды. Су арналарының уақытылы тазартылуы мен күтіп ұсталуы ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына, ауданның жайылымдық жерлері мен шабындықтарды қажетті көлемде сумен қамтамасыз етуге тікелей әсер ететіні атап өтілді. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарымен бірге су жеткізу жүйесін жетілдіру, каналдарды тазалау жұмыстарын жүйелі жүргізу және суды тиімді пайдалану бағытындағы мәселелер талқыланды.
Сондай — ақ, өзен суын ауданға жеткізу мүмкіндіктері жан — жақты қарастырылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.