Талас ауданында «Қылмыс және жаза» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

111

Талас ауданында Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте «Қылмыс және жаза» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға бағыну мен азаматтық жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты дамыту болды.

Кездесу барысында оқушылар мен ұстаздар қылмыс пен жазаның өзара байланысы, адам құқығы, әділдік және ар-ождан ұғымдары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың себептері мен салдары, оның қоғам дамуына тигізетін әсері жан-жақты талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, сондай-ақ құқықтық нормаларды күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара соңында оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, заң мен әділдікті құрметтеудің қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне ерекше тоқталды

Leave A Reply

Your email address will not be published.