Мемлекет басшысы алға қойған су ресурстарын тиімді пайдалану және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер Түркістан облысында нақты нәтижелерін көрсетіп келеді. Өңірде су үнемдеу технологияларын өндіру мен енгізу бағытында жүйелі жұмыс жолға қойылған.


Су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Осы орайда ылғал сүйгіш дақылдардың тиімділігін арттыруға басымдық беріліп, мақта мен күрішті жаңа технологиялармен егу ауқымы кеңейтілуде. 2026 жылға қарай мақта дақылын қарапайым әдіспен 82,8 мың гектарға, ал жаңа технологиямен 79,6 мың гектарға егу жоспарланып отыр.