Сотталғандардан талап қарыздар өтелуде

442

ЖД 158/2 мекемесі мемлекет  пайдасына сотталғандардың талап қарыздарын өтеуде. Жамбыл  облысы  бойынша ҚАЖД  ЖД-158/2  мемлекеттік  мекемесінде 30  маусым  2019 жылы  сот үкімі бойынша  360 сотталғандарға 286 атқару парақтары бойынша жалпы талап қарыздардың соммасы – 1 796 715 668  теңгені  құрайды.

Оның ішінде:

Мемлекет  пайдасына  –  282 191 528  теңге;

Жеке және заңды тұлғалардың пайдасына  –  1 514 524 140 теңге;

Жалпы жыл басынан бастап 6 (алты) ай ішінде 60 сотталғаннан өз еркімен мемлекет пайдасына жалпы соммасы – 5 499 929 теңге төленді.

Анықтамалық нақты өндіріліп алынған  ақша соммасы: 28 сотталғандардан, 28 – атқару парағы бойынша – 1 157 480  теңге.

Оның ішінде:

Мемлекет  пайдасына  –  466 268  теңге;

Жеке және заңды тұлғалардың пайдасына –  691 212 теңге;

2019  жылы 6 (алты) ай ішінде өзгерістер басында есеп беру уақытында болғаны 68 сотталғанда, 92 орындау парағы бойынша – 106 936 107  теңге.

Есеп  беру уақытында келгендер 21 сотталғанға, 24  орындау парағы бойынша соммасы – 49 747 539  теңге.

Есеп беру уақытында кеткендер 12 сотталғаннан, 21 орындау парағы бойынша соммасы – 5 470 933  теңге.

Есеп беру уақытының соңында қалғаны 77 сотталғанда, 95 орындау парағы бойынша соммасы  –  151 212 713  теңге.

Жалпы жұмыспен қамтамасыз етілгендер саны – 109  сотталған.

М. Таубалдиева,

Жамбыл облысы ҚАЖД ЖД 158/2 мекемесінің

ҚҚЕҚ бас бухгалтері

Орындаған:

С.Корабаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.