Шымкенттегі психдиспансерде пациенттерді зорлаған қызметкерлерге үкім шықты

65
Шымкенттегі психдиспансерде пациенттерді зорлаған қызметкерлерге үкім шықты
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/262094-symkenttegi-psixdispanserde-pacientterdi-zorlagan-qyzmetkerlerge-ukim-syqty

Түркістан облыстық «Психикалық денсаулық орталығының» №3 әйелдер бөлімшесінде санитар-бақылаушы болып жұмыс істейтін азаматтар қауқарсыз пациенттерді зорлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зорлық әрекеттері 2024 жылдың шілдесінде түнгі 00:00 сағат шамасында орын алған. Емделіп жатқан науқас Б мен сол кезде кәмелетке толмаған, өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайтын Қ-ны бөлімшенің теледидар көретін бөлмесінде және аулаға шығатын баспалдақ алаңында дәрменсіз күйін пайдаланып еркінен тыс бірнеше рет зорлаған.

Сотталушылардың асырауында жасөспірім балалары барын сот олардың үкімін жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырған.

Сот оларды кінәлі деп танып, оларды осы баппен педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушілер Б. мен Қ.-ның пайдасына әрқайсысына 10 млн. теңгеден моральдық зиян өндірілді. Сонымен қатар, жәбірленуші Б.-ның пайдасына адвокат қызметіне төленген 600 мың теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.