Шу ауданында пилоттық жоба табысты жүзеге асуда

14

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясындағы аймақ басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған пресс тур Шу ауданында жалғасты. Аталған ауданнан пилоттық жобаға енген Жаңақоғам ауылдық округінде жұмыстар жанданған. 439 ауласы бар ауылда жобаның бірінші бағыты бойынша яғни, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану мақсатында 98,6 гектар жер екі айналыммен пайдаланылмақ.

Нақтырақ айтқанда, екі айналыммен қияр, орамжапырақ, ал қызанақ бір айналыммен егілетін болады. Сондай-ақ ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану мақсатында ауылда 97 азамат 344 миллион 412 мың теңге несие алып үлгерсе, 32 азамат 77 миллион 415 мың теңгеге 778 мал сатып алған. Бүгінде ол түліктер төлдей бастаған. Тілге тиек ете кететін жайт, ауылда «Омар Шу» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, шаруашылыққа қажетті техникалар мен қондырғыларға қол жеткізу үстінде. Ол ауыл шаруашылық техникалары көктемгі дала жұмыстарына сақадай сай деп айтуға толықтай негіз бар. Сонымен қатар жобаның кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында ауылдан «қатпарлы қамыр цехы» жұмысын бастамақ ниетте. Қазіргі таңда оның құжаттары несие бөлімінің қарауында жатыр екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.