Шалғай ауылдағы ағайынның шаруасы шалқитын күн алыс емес

291

Ауыл – ел бесігі. Бұл түсінік, қағида технология мен басқа дүниелер қарыштап дамыған ХХІ ғасырда да өзгерген жоқ. Ауылды алтын бесік етіп, ауылдан қол үзбей, ұрпақ өрбітіп отырған шаруақор ағайынға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сайып келгенде, барлық адамның түп-тамыры ауылдан бастау алады. Ауыл десе, елең етіп, бүйрегіміздің сонда бұрып тұратыныны сондықтан болса керек. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын дамытуға, сол арқылы ауылдағы ағайынның тұрмысын түзеуге, сонда тұрақтауына азды-көпті жағдайлар жасалуда.

Атап айтар болсақ, биылғы жылы қасиетті Қошқарата ауылдық округінде тұрғындар игілігі үшін бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Халық көптен күткен ауыз су құбыры тартылып жатыр. Басқа да шаруалар атқарылу үстінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселесіне баса назар аудару керектігін алға тартты. Осы орайда Президент: «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды. Көп жағдайда азаматтарымыз орталық және жергілікті органдар басшыларының құлықсыздығы мен «бейқамдығына» байланысты Президентке жүгінуге мәжбүр болады. Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн» деп мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен іске асырылып жатқан еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуде. Осындай мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар, ауылдық округтің әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Ұсынылған бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың нәтижесінде округ тұрғындарының әл-ауқаты артып, халықтың тұрмысы түзелуде.

Қошқарата ауылдық округіне үш елдімекен қарайды. Үш елдімекенде 264 аула бар. Округте 3 мектеп, 1 балабақша, 3 медициналық пункт, 1 мәдениет үйі, пошта бөлімшесі, кітапхана және кітапхана жанынан ашылған «Цифрландырылған ақпараттық орталық» халық игілігі үшін қызмет атқаруда.

Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 1604 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 738 адам жалдамалы жұмыс жасайтындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 21. Оның 16-сы жұмысқа орналасты. Мектеп оқушылары 254, оның ішінде 32 оқушы округ орталығындағы Абай атындағы орта мектепке тасымалданып оқытылады.

Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттің тұрақты қолдауы нәтижесінде, аталған сала жылдан-жылға өзінің өсімін көрсетіп отыр. Округтің жалпы жер көлемі – 21742,94 гектар болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі – 15361,14 га, егістік жер көлемі – 8719,84 га, жайылымдық жер көлемі – 6478,30 га, көпжылдық екпелер 2300 га, шабындық жерлер 108,00 гектарды. құрайды. 2019 жылы 2300 га — жоңышқа, 1045 га күздік бидай, 2160 га — арпа, 1756 га мақсары егілсе, 1538 га жер парға (сүр) қалдырылды. Соның ішінде бидай – 1045 га орылып, 26 центнерден 2720 тонна өнім алынды, мақсары – 1756 га орылып, 8,5 центнерден 1492 тонна өнім алынды, арпа – 2160 га орылып 24,5 центнерден 5292 тонна өнім алып, индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткіздік.

Сонымен қатар, аталған саланы дамытуда «Роман» ШҚ 7 млн теңгеге, ал «Мұрат» ШҚ 4 млн теңгеге «Нива эффект» (гидроход) комбайн, «Ислам» ШҚ 8 млн теңгеге «МТЗ-852» тракторын, «Ақтасты» ШҚ 10 млн теңгеге ауыр жүк тиеуші (КамАЗ) көлігін алып, округтегі ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға өз үлестерін қосуда.

Округте егін шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығы саласы да тұрақты даму үстінде. Округ тұрғындарының көпшілігінің кәсібі мен табыс көзі мал шаруашылығымен тікелей байланысты болғандықтан мал шаруашылығы саласын дамыту ерекше орынға ие. Бүгінгі таңда, округтегі ірі қара мал саны 3772, уақ мал саны 17836 басты, жылқы 787 басты, үй құстары 6139 басты құрады.

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында, өңірде фермерлік, шағын және орта бизнесті дамыту үшін, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртумен қатар, аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамытуға аса мән беріп, ауыл шаруашылығын аяғынан тұрғызудың басым міндеттерін айқындап берген болатын. Етті малды өсіруді дамыту аясында округте «Мират» шаруа қожалығы 200 бас, ЖК «Бекзат» 100 бас уақ мал сатып алды. Тұрғындарға өз кәсібін ашу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырып, ол үшін жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс деген болатын. Елбасының тапсырмасын және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында округте «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті қамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша округтің тоғыз тұрғыны жалпы 26,6 млн теңге несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Аталған несие алушылар негізінен мал шаруашылығы саласында еңбек етіп жүр. Қазіргі таңда округте 130 шаруа қожалығы, үш ЖШС, екі АШӨК және 27 жеке кәсіпкерлік субъектісі бар.

«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша жеңілдетілген төмен пайызбен несие алудың мүмкіндіктері мен алғышарттары бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша округтен өз кәсібін ашуға жалпы құны 237 млн теңге болатын 92 жоба ұсынылды.

Аппарат қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі — аудан бюджетін тұрғындар есебінен төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы толықтыру болып табылады. Салық жинаудың жылдық жоспары толығымен орындалды. Атап айтар болсам, мүлік салығы 11600 теңгеге орындалса, жер салығы 119 мың 600 теңгеге орындалып отыр.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік салаларда да бірқатар өсім бар. Ауылдық округте 2019 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылып отырған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 49 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам, тұрақты жұмыс орындарына 15 адам жұмысқа тартылды, ақылы қоғамдық жұмысқа 13 адам, «Жастар тәжірибесі» бойынша 7 адам жұмысқа тартылды. Сонымен қатар, округтегі 63 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Округтегі жағдайы төмен отбасыларға жеке кәсіпкерлердің есебінен қайырымдылық шарасын ұйымдастыру арқылы 10 отбасыға азық-түлік, киім-кешек және уақ мал таратылып, көмек берді. Денсаулығына байланысты үй жағдайында отырған 6 тұрғынға сыйлық таратылып, көңіл бөлінді. Жалпы округте өткен жылы 13 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қыс мезгілінде автомобиль жолдарын күтіп-баптау мақсатында 2019-2020 жылға «Жасыл-Жуалы» мекемесімен 605 мың теңгеге келісімшарт жасалып, қыс мезгілінде көше жолдары уақтылы қардан тазартылды.

Мәдениет және спорт саласы бойынша округте тұрақты түрде ауыларалық турнирлер өтіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып тұрады. Атап айтар болсақ, қыркүйек айында Жастар жылына орай жастар арасында көкпардан аймақтық турнир өтті. Мерекелерде өз деңгейінде іс-шаралар өткізіліп, сый-құрмет көрсетілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту туралы тапсырмасына сәйкес, №9 Абай атындағы орта мектептің ауласына киіз үйлер мен алтыбақан қойылып, Абай атамыздың өмірінен көрініс көрсетіліп, мерекелік кеш өтті.

2019 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысында «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде Қызтоған ауылы Тесіктас көшесіне жарықтандыру 1 млн 400 мың теңгеге орнатылды. Салық түсімдері есебінен жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін жобалық құны 1млн 500 мың теңгені құрайтын «STREET WORKOUT» спорт алаңшасы орнатылды. Ақтасты ауылы Ақтасты көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақтасты көшесін орта жөндеуден өткізуден қалған үнемделген 2,5 млн теңге қаржының есебінен Ақтасты ауылына түсетін бұрылыс жолдары жөндеуден өтті. «Қауіпсіз Жуалы» бағдарламасын іске асыру мақсатында мал ұрлығына қарсы Қошқарата ауылының кіреберіс бұрылысына екі, Қызтоған ауылының шығаберіс тұсына бір бақылау бейнекамерасы орнатылды.
Сонымен қатар, өткен жылы Ақтасты ауылына жобалық құны 25 млн теңгені құрайтын медициналық пунктін мердігер компания «AKM-group-kz» ЖШС мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде тұрғызып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Ауылдық округте орналасқан тұрмыстық қатты қалдықты тастайтын орынның құжаттары заңдастырылып, «Жасыл-Жуалы» мекемесінің теңгеріміне берілді. «Шалғайдағы ауылдық елді-мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес «Алатау-Бәйтерек» ЖШС 2,6 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу порталының конкурстық хаттамасына сәйкес жеңімпаз атанып, балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдауда.
«Қошқарата» бөбекжай-балабақшасына ауыз су құбыры тартылды. Жобаның құны 897 мың теңгені құрайды. Аталған балабақша күрделі жөндеуден өткізілуде. Қошқарата ауылы Д.Қонаев көшесі №2А мекенжайында орналасқан дәрігерлік амбулатория ғимараты ветеринариялық пункттің теңгеріміне берілді. Қызтоған ауылының кіреберісіндегі жота арнайы техникалардың көмегімен жонылды, қыс мезгілінде боранды күндері жолдың бөгелмеуіне мүмкіндік береді.
2020 жылы атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өткенді жөн көріп отырмын. Қошқарата ауылына жалпы сметалық құны 470 млн теңге болатын ауыз су құбырын тарту жұмыстары сәуір айынан басталып кетті. Бұл жұмыстардың сәтті аяқталатынына сенеміз. Сондай-ақ, округ орталығындағы Е.Сауранбекұлы көшесіне сметалық құны 1 460 000 теңгеге және Ақтасты көшесіне сметалық құны 2 323 000 теңгеге көше жарығын орнату, Қызтоған ауылының көшелеріне сметалық құны 5 900 000 теңгеге шағал төсеу жұмыстары атқарылатын болады. Б.Үсенов көшесі бойына жаяу жүргіншілер жолына 1 520 000 теңгеге асфальт төсеу жоспарланып отыр.
«Елге ел қосылса – құт» демекші, өткен жылы ауылдық округке үш отбасы көшіп келген болатын. Оларға аудан әкімшілігі тарапынан баспана сатып әперілсе, ауыл азаматтары, кәсіпкерлер азық-түліктей және мүліктей жәрдемдесіп келеді. Биылғы жылы да бұл үрдіс жалғасын табады деген ойдамын. Шалғай ауылға көшіп келуге ниет еткен отбасылар болса, олардың да бірқатарына баспана сатып әперуге кәсіпкерлер құлық танытып отыр. Осы ретте, бұдан бұрын да шаруасы шалқыған, ал биылғы жылы қыруар тірліктер қолға алынған қасиетті Қошқарата ауылы тұрғындарының шаруасы әрі қарай да шалқитын күн алыс емес деп сенемін.

Жәнібек МЫРЗАЛИЕВ,
Қошқарата ауылдық округінің әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.