Басты байлығымыз — денсаулық

236

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтарға арнаған Мәлімдемесін аудандық газеттен оқып, қуанып қалдық. Себебі, халық Мемлекет басшысының шешімін күтіп отырған еді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 11 мамырдан бастап Төтенше жағдай режімінің аяқталатынын айтты. Алайда босаңсуға болмайтынын, себебі әлі де індеттің таралу жағдайлары бар екенін де ескертті. Президент карантин режімі халық үшін қиын екенін адами тұрғыда түсіне отырып, сабырлыққа, сақтық шараларын сақтауға шақырды. Бұл, әрине, дұрыс. Себебі, ең қымбат қазынамыз – халық. Яғни, азаматтарымыздың денсаулығы.
Халықты аурудан қорғау үішін Үкімет алғашқы күннен бастап аурудың алдын алуға баса көңіл бөлді. Нәтижесінде ауру жаппай тараған жоқ. Енді алдағы уақытта да өзіміз үшін сақтық шараларын ұстанып, тиісті орындар өз жұмыстарын жалғастырады.
Президент Төтенше жағдай толығымен аяқталған соң бізге денсаулық саласына ерекше көңіл бөлу керектігін де айтып өтті. Шынында бұл жағдай бізге кемшін түсіп жатқан тұстарымызды ашып көрсетті.
Қысқасы, уақытша қиын жағдайдан халқымыз Үкіметіміздің қамқорлығының, ауызбіршіліктің, сабыр мен тәртіптің арқасында абыроймен өтіп келеміз. Алдағы уақытта да халқымызға осы қасиеттер керек.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Індеттен құлан таза айығатын күн де ертерек тусын!

Естемес АМАНБЕКОВ,
аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.