Сарысулықтар жаңғырған Таразға тамсанып қайтты

850

Сарысу ауданының əкімі Б.Нарбаев бастаған ауданның белсенді азаматтары мен қариялары тарихи Тараз қаласына аудандар арасында бірінші болып эксурсияға келді.
«Қариясы бар елдің дариясы бар» деген ұстаныммен жүретін аудан басшысы бұл жолы да алғашқы тарихи сапарды қарияларды құрметтеуден бастауды жөн санады.
Облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың көз қуантып қарарлық, көңіл сүйсінтіп көзайым боларлық жаңашылдығы аудан қарияларының да көңілінен шықты.
Іскерлігі мен табандылығы басым облыс əкімінің құтты қадамына ақ баталарын жаудырып, аудан əкімінің игі бастамасына балаша қуанды.
Сарысулықтар қала келбетінің айтарлықтай өзгергенін өз көздері мен көрді.
Жаңадан ашылған 20 нысанды аралады. Нысандар әртүрлі. Бірнеше жаңғыртылған саябақ, әуенмен үйлесіп атқылайтын субұрқақтар, жаңа көпір, балалар ойнайтын алаңшалар, скверлер мен бірнеше ескерткіштің ашылуы Таразды тотыдай түрлендіре түскенін айтып, естелік суреттерге түсті.
Жыр алыбының мүсіні бұрынғы орнынан қаланың қақ ортасындағы облыс әкімдігінің алдына ауыстырылғанына ерекше қуанса, теміржол аумағында жаңа демалыс орны ашылып, ел игілігіне берілгендігіне таңдай қағып тамсанды.
Ал, Төле би көшесіндегі Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ іші адам танымастай өзгергендігіне тәнті болысты.
Ия,саябақ қайта жаңғыртылып, аумағынан «Тәуелсіздік ұшқыны» алаңшасы, тұрғындар бір мезгіл қымыз ішіп, бой жазатын ғибрат орталығы, шахмат, спорт, балалар алаңшасы сияқты жаңа нысандардың бой көтеруі талайды таңдандырды.
Ал батыр Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішінің жаңартылуы, Желтоқсан аллеясында «Желтоқсан толқыны» деп аталатын субұрқақтың іске қосылуы көптеген жаңашылдықты айқындай түседі.
Ұзындығы 220 метр болатын субұрқақ қабырғаларына тәуелсіздік символдары «Барыс», «Бүркіт», «Пырақ» мүсіндері орнатылған. Сонымен қатар 12 ақылды орындықтар қойылып. Wi-Fi желісі орнатылып, таза ауада кітап оқуға құмар тұрғындарға жағдай жасалып отырғандығы үлкен игілік.
Аудан басшысы Б. Нарбаев:
— Ақиқатында мұндай жаңашылдық ең бастысы ел ертеңі үшін жасалынған рухани құндылық Жаңатас қаламыздың күніне орай тәжірибе алуға тұрарлықтай қыруар еңбек екенін əрбіріміз мойындарлық. Ауданымызда атқарылып жатқан игілікті істер баршылық. Осындай игі істердің ауданымызда атқарылуын, рухани жаңғыру аясында еліміздің ертеңі үшін ерінбей еңбек етуге шақырамын, — деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.