Облыстық бақылау-тексеру комиссиясы алғашқы отырысын өткізді

876

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссия партия облыстық филиалының ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясынан кейінгі өзінің алғашқы ұйымдастыру отырысын өткізді.

Комиссия отырысына қатынасқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Н.Манжуов комиссия төрағалығына Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Ж.Ә.Айтақовтың және орынбасарлығына Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» ШІЖҚКМК директоры Н.К.Үкібаевтың кандадатураларын ұсынды. «Нұр Отан» партиясының  Жарғысы талаптарына сәйкес комиссия мүшелері партия облыстық филиалы ұсынған кандаидатураларды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Дауыс беру нәтижесінде Ж.Айтақов комиссия төрағасы, ал Н.Үкібаев комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссиясының отырысы күн тәртібінде қаралған мәселеге орай тиісті қаулы қабылдады.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.