Сарбаздарды Жаңа жылмен құттықтады

398

Жаңа жыл — қуаныш пен шаттыққа толы мереке. Баршамыз жақсылық күтетін бұл уақытта бір-бірімізге жылы лебіз бен ақжарма тілек арнау игі дәстүрге айналған. Бұл игі іс Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде де жалғасты.

Бүгін мереке қарсаңында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаев 5513 әскери бөлімінің сарбаздарын Жаңа жылмен құттықтады. Өз сөзінде Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаруды тілеген Бекзат Оразалыұлы 2025 жылда жаңа табыстарға жетуге тілектестік білдірді.

— Құрметті сарбаздар! Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге келіп жеткен 2025 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Жаңа 2025 жылда алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдіміз! — деді Б. Ортаев.

Сонымен қатар мекеме бастығы сарбаздарға арнайы дайындалған сый-сыяпаттарын табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.