Рақымшылыққа байланысты түсіндіру кездесуі өтті

22

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 шілдедегі №329-VIII ҚРЗ «Рақымшылық жасау туралы» Заңын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде рақымшылық қолданылатын және бостандыққа шығатын сотталғандарды қоғамға әлеуметтік бейімдеу, жұмыспен қамту және құқықтық қолдау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шараға №67 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Е.Б.Садуанов төрағалық етті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін Тілешұлы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, Жамбыл облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы Халидов Дмитрий Русланович, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты Сүндетов Ерзат Мадиярұлы, «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Тараз қаласы бойынша «Мансап орталығы» филиалының маманы Алдонгаров Нұрлан Тілеубайұлы, сондай-ақ Жамбыл облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Алишер Қуаныш Нұрланұлы қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар «Рақымшылық жасау туралы» Заңның талаптарын, рақымшылық қолданылатын және бостандыққа шығатын сотталғандарды қоғамға әлеуметтік бейімдеу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, пробациялық сүйемелдеу, құқықтық және әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар, сотталғандардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.
Іс-шараның мақсаты – бостандыққа шығатын азаматтардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ету және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.