Өз өлкемізді тану – рухани жаңғырудың өзегі

925

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған өлкетану ісін дамыту мәселесін аудан халқы толық қолдайды. Себебі, жастар өз Отанын сүюді өскен өлкелерінен бастаулары керек. «Туған жер» — «Туған ел» бағдарламасы шеңберінде де жастарға патриоттық тәрбие беру мен өлкетану ісін жетілдіру жолдары көзделген.

Бүгінгі таңда, туған өлке төсіндегі тылсым табиғат пен тамыры терең тарихты, шаруашылық пен саясатты, мәдениет пен тұрғындардың тіршілік ету әрекетін қосып, адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану мәселе ретінде өзінің өзектілігін жойған емес.

Бұл ретте, біз бай өлкеміздің кешегі көрінісі мен бүгінгі бейнесін жастарға насихаттаудан еш танбауымыз қажет.

Қорыта айтқанда, туған өлкенің, жергілікті жердің тіпті, аймақтың өз ерекшеліктерін, табиғатын, тарихын, халқы мен тұрмысын жас ұрпақтың бойына сіңіру маңызды іс.

Өлкетану жұмыстары тұлғаның дүниеге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мен сенімін нығайтуға негіз болады.

З.Сейдалиев, Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.